Georgian Investment Market компаниясы 2012 жылы құрылған. Өз қызметін Грузияның жылжымайтын мүлік нарығын талдамалық зерттеу бойынша тапсырыстарды орындады, сондай-ақ маркетинг жөніндегі консультант ретінде Грузия аумағындағы, атап айтқанда, Батуми Қара теңіз курортындағы бірқатар жобаларға қатысты.

Қазіргі кездегі қызметінің негізгі түрлері:

  • строительство жилой и коммерческой недвижимости
  • жылжымайтын тұрғын үй және коммерциялық құрылыстар
  • риэлторская деятельность риэлторлық қызмет
  • инвестиционные проекты инвестициялық жобалар
  • юридическое сопровождение сделок мәмілелерді заңдық тұрғыда сүйемелдеу
  • Консультирование консультация беру

Грузияның қолайлы салық режимі, еркін-экономикалық аймағы, ойын бизнесі аймағы, географиялық жағдайы өндірістің дамуына әсер етеді. Жаңа жұмыс орындарын ашуға оң ықпал етеді, халықтың табысына қолайлы әсер етеді, қалаларға жұмысшы күшін, шетелдік мамандарды тартады. Бұл жылжымайтын мүлік нарығын, сити-ритейл мен туризмді белсенді дамытуға ықпал етеді.

Грузия жақын онжылдықта инвестиция үшін перспективті рыноктардың бірі болып табылады. Қазіргі сәтте Грузияда жылжымайтын мүлік сатып алу пайдалы іс болып табылады: Грузияның жылжымайтын мүлік нарығында шаршы метріне орташа баға 650-950$. Грузияның салынып жатқан үйлердегі пәтерлердің бағасы шаршы метріне орташа баға 350-800$ құрайды, ал құрылыс аяқталған сәтте шершы метрі 1000 -1500$ жетеді. Элиталы сегментте шаршы метрінің бағасы 2000-2500$. Аталған факторлар сұраныс өсімінің оң динамикасын және Грузия жылжымайтын мүлкі өтімділігінің жоғары дәрежесін көрсетеді. Инвестиция тұрғысынан, жер телімдерін, тұрғын және коммерциялық жылжымайтын мүлікті сатып алу анағұрлым пайдалы болып табылады.

Грузия Үкіметі елдегі инвестициялық климатты барынша жақсартуға тырысады. Шешімді қадамының арқасында қазіргі кезде Грузияда жергілікті халыққа қарағанда, шетелдік инвесторлар, заңды және жеке тұлғалар үшін қолайлы жағдай жасалған. Шетелдік азаматқа басқа көптеген елдерге қарағанда Грузияда жылжымайтын мүлік сатып алу анағұрлым оңай. Инвестиция қолданыстағы заңнамамен толықтай қорғалған. Шетелдіктерге Грузия азаматтары үшін міндетті болып табылатын табыс көздерін көрсетудің қажеті жоқ. Грузияда жылжымайтын мүлікке деген сұраныс жылдан жылға артуда. Шетелдік инвесторлар Грузияда жылжымайтын мүлік сатып алуға үлкен қызығушылық танытуда. Экономикалық еркіндік индексі деңгейі бойынша Грузия әлемнің 185 елінің арасында 21-орынды иеленеді. Шындығында да, курортты өңірде жылжымайтын мүлік сатып алу үшін анағұрлым пайдалы және жайлы жағдай табу қиын.

Ірі инвестициялық компаниялармен және құрылыс салушылармен тұрақты әріптес болуымыз біздің компаниямыздың беделін көрсетеді. Жаңашылдық тәсіл мен жұмысқа кәсіби қарау компанияның тұғырын нығайтып, халықаралық деңгейге шығарды. Қазіргі кезде біздің ұйымымыз Батуми қаласындағы бірқатар ірі құрылыс салушыларының әріптесі болып табылады, тұрғын және коммерциялық жылжымайтын мүлікті сатып

алу-сату, жалға алу нарығын белсенді игеруде. Сондай-ақ компания инвестициялық жобаларға қатысуды ұсынады. Жас және дарынды қызметкерлер командасының арқасында GIM компаниясы қысқа уақыт ішінде рынокта жетекші орынға ие болды.

Көңіл аударыңыз:

  • Жаңадан салынып жатқан үйлердегі пәтерлер
  • Пәтерлер сатып алу
  • Үйлер мен коттедждер
  • Коммерциялық жылжымайтын мүлік
  • Жер телімдері

Сатып алушыларға жылжымайтын мүлік таңдау кезінде, сондай-ақ онымен мәміле ресімдеу және сүйемелдеу бойынша делдалдық туралы өтеусіз келісім жасауды ұсынамыз. Апартаменттер сатып алған жағдайда, біз Сізге өзіңіз болмаған уақытта оларды тапсыруға көмектесеміз. GIM компаниясы Грузия аумағында жылжымайтын мүлікті сатып алу, жөндеу және пайдаланудың барлық мәселелелері бойынша Сізбен ынтымақтастықта болғанға қуанышты.

Біздің базамызда сіз пәтерлер, апартаменттер, коммерциялық жылжымайтын мүлікті таңдай және оларды құрылыс салушыларының бағалары бойынша сатып ала аласыз, сондай-ақ бізден білікті консультация алуға және мәмілені кепілдендірілген заңдық сүйемелдеу көмегін алуға болады.

 

Подождите

Спасибо! Мы обязательно вам перезвоним!